Русский Сайттың толық нұсқасы

Ел Тәуелсіздігі мерекесімен Нұрсұлтан Назарбаевты бірқатар мемлекеттердің басшылары құттықтады

  • AstanaTV
  • 16 желтоқсан 2014
  • 1341

Ел Тәуелсіздігі мерекесімен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты бірқатар мемлекеттердің басшылары құттықтады.

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл жөнінде Кремльдің ресми сайты жазады. Жеделхатта Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасының достық, серіктестік және тату көршілік сипаты, Еуразиялық экономикалық одақты іске қосумен байланысты екіжақты ынтымақтастықтың болашағы атап өтілген.

Мұнан бөлек мерейлі мерекемен Қазақстанның көшбасшысын Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев пен Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон құттықтады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА