Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда Тәуелсіздік мерекесіне орай салтанатты шаралар өтіп жатыр

  • AstanaTV
  • 16 желтоқсан 2014
  • 1383

Алматыда да Тәуелсіздік мерекесіне орай салтанатты шаралар өтіп жатыр. Бүгін таңертең Республика алаңындағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтары қойылып, тәуелсіздікке тағзым ету рәсімі өтті. Егемендіктің 23 жылдығын лайықты атап өтуге ардагерлер қауымы, этникалық топтардың өкілдері, жастар ұйымдары мен желтоқсан қозғалысының жетекшілері келді.

Орынғали Есенғазиев, Алматы қаласы ардагерлер кеңесінің мүшесі:

Міне, Тәуелсіздіктің де кезекті мерекесіне аман-есен жеттік. Бұл елдегі тыныштықтың арқасы. Президенттің салмақты саясатының арқасы деп қарау керек. Бізді анау алыс шетелдерде де біледі. 

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Алматы метрополитені жолаушыларға ерекше сыйлық жасайтынын хабарлаған болатын. Жер асты жолымен қатынайтындар үшін бүгін күні бойы жол ақысы тегін болды. Отандық банктердің бірі метрода жолаушылардың ары-бері ақысыз қатынауына демеушілік жасаған. Метрополитен ұжымы бұл бір реттік шара емес, алдағы уақыттарда да мұндай мүмкіндіктер қарастырылатынын жеткізді.

Айдын Оразханов, «Метрополитен» МКК бас директоры:

Біз бұл шараның өтетіні туралы алдын ала ақпараттандырдық. Демалыс күндері мереке кездері халық ары-бері дүкендер аралауға, қыдыруға шығады. Сондықтан бүгінгі күнді тегін жасауды ұйғардық.

Міне, бүгін метроның шапағатын тегін көріп отырмыз. Барлықтарыңызды Тәуелсіздікпен құттықтаймын. Елбасының арқасында, оның саясатының арқасында болып отырған жақсылық деп қабылдаймын.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ