Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы кезекті қаулысымен тағы да қырағылығын танытты

  • AstanaTV
  • 22 қаңтар 2016
  • 1277

Мәжілісті таратып, парламенттік сайлау өткізу туралы қаулы арқылы Елбасы кезекті рет қырағылығын танытты. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте отандық сарапшылар осындай пікір айтты.

Олар бұл шешім алдағы қиын сынақтың алдын алу деп отыр. Сарапшылар, осыдан бірнеше жыл бұрын Президент сынақ уақытының туындайтынын ескертіп, оның алдын алу қамдарын да жасап қойғанын айтты.

Зәрем Шаукенова, ҚР Білім және ғылым министрлігінің философия және саясаттану институтының директоры:

Мұнай бағасы шарықтап, қарқынды дамып жатқан кезде Мемлекет басшысы мұнайдан түскен табысты Ұлттық қорға жинап, индустриялық-инновациялық даму стратегиясын қабылдады, сондай-ақ, ғылым, білім, медицинада реформаларды қолға алды. Енді «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында жүзеге асырылмақ. Оның іске асуы ел дамуын жаңа сатыға көтереді. 

Арман Ешмұратов, «Саясаттанушылар конгресі» ҚБ басқарма төрағасы:

Сайлау - кез келген ұлт үшін саяси таңдау жасаудағы емтиxан. Біз қазақстандық арманға тікелей бара жатқан мемлекетпіз. Ал дағдарыс - ашық экономикалық елдердің кез келгенінде болатын уақытша қиындық. Дағдарыс, бәлкім, реформаларымызға аздаған өзгеріс енгізуді қажет ететін шығар, бірақ алған бағытымыздан қайтара алмайды.

Берік ХАСЕНОВ