Нұрсұлтан
Назарбаев Петр Порошенкоға көп ұлтты мемлекетте тұтастықты сақтаудың қазақстандық үлгісін қолдануды ұсынды. «Бұл - әлемдік тәжірибе. Украина оны
барынша тездетіп қолға алуы тиіс», - деді Елбасы.
Ал, Петр
Порошенко өз тарапынан Назарбаевқа Украина шиеленісін шешуге өзінің әлемдік
беделі мен ықпалын қосқаны үшін алғыс білдірді. Ресей-Украина қарым-қатынасын
жақсартудың нақты жолдарын ұсынған Қазақстан басшысы «Украина үшін бауырлас
Ресей әрқашан серіктес болып қала бермек және онымен қарым-қатынасты қалпына
келтіруге болады», - деп есептейді.
Ал, Еуропаға
жақын орналасқан Украинаның болашағын Еуропалық одақпен байланыстыруы түсінікті
жағдай. Қазақстан Президенті, Украинаның тұтастығын сақтай отырып, Донбасстағы
жағдайды реттеудің жолдарын да қарастыру керек, - деді. Айтуынша, ол жердегі саны
аз ұлттардың мәселесін Минск келісімі шеңберінде шешуге болады.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ