Русский Сайттың толық нұсқасы

Сарапшылар мерзімінен бұрын Мәжіліс сайлауын өткізуді құптап жатыр

  • AstanaTV
  • 22 қаңтар 2016
  • 1838

Сайлауға жаҺандық дағдарысқа тойтарыс бере алатын жаңа саяси тұлғалар түсуі керек. Сарапшылар пікірі осыған саяды. Олар мерзімінен бұрын Мәжіліс сайлауын өткізу уақыт талабы екенін айтады. Елбасы жүктеген нақты тапсырмаларды жүзеге асыру үшін, Парламент мәжілісі жаңару керек, деп отыр.

Айгүл Омарова, саясаттанушы:

Жаһандық күйзеліс белең алып келеді. Дағдарыстың дауылы біздің елге де әсер етті. Сондықтан кезектен тыс сайлау өткізуге ішкі себептер көп. Мұндай жағдайға душар болуымыздың себептерін іздестірудің орнына, Елбасы нақты жұмыс істеу қажеттігін айтты.

Айдос Сарым, саясаттанушы:

Қазір геоэкономикалық жағдай нашарлап барады. Сондықтан саяси партиялар сайлаушылардың сенімінен шығатын білікті де білімді кандидаттарды ұсынуы керек. Осындай адамдар мәжіліске келіп, саяси процестерге араласса, құбы құп болар.