Өскемен
қаласы маңындағы Қасым Қайсенов кентінде жарылыстың себептерін анықтау үшін
арнайы комиссия құрылды. Кеше мұнда
жарылысқа ұқсас қатты дыбыс естілген. Салдарынан бірнеше тұрғын үй мен үш дүкеннің терезелері шытынап, сынған.
Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Зәрелері ұшқан тұрғындар түні
бойы көз ілмедік дейді. Әсіресе дүкен сатушылары әбігерге түскендерін айтады.
Өйткені күзетшілер терезелері сынған
ғимараттарға дабыл қаққыш жүйесін орнатудан бас тартыпты.
Рысқан
Ысмағұлова, сатушы:
Кешегі
күні сағат 4-тің кезінде қатты жарылыс естідік. Шошып кеттік. Осында сауда жасап
жатқанбыз. Клиенттеріміз де шошып кетті. Бір клиентіміз сауда жасады дағы, ақшасын төлеп, сдачасын алмай, далаға қашып кетті. Далаға шығып қарасам, екі
әйнек жарылып, шынылары жерге түсіп қалыпты. Екі әйнек жай жарылып шытынап тұр
екен.
Айта
кетейік, кентке жақын маңда қиыршық тас өндіретін 4 кен орын бар. Аптасына екі
рет жоспарлы түрде жарылыс жұмыстарын өткізіп тұрады. Десе де, облыстық
жұмылдыру дайындығы басқармасындағылар кен орын басшыларымен бұл күндері
жарылыстар ұйымдастыру жөнінде келісім болмағанын айтады.
Қазір арнайы комиссия бірінеше болжам жасап,
тексеріске кірісті. Олар кен орын қызметкерлері жарылыс екпінін дұрыс
есептемеген болуы мүмкін дейді. Сондай-ақ, дүмпу жер сілкінісінің салдарынан
туындауы да ықтимал деседі. Шығын толық есептелген соң, аудандық әкімдік, терезелерді салып беруге септесеміз деп, уәде етті.
Дулат
Кажанов, ШҚО Ұлан ауданы әкімінің
орынбасары:
Комиссия
құрамына жергілікті төтенше жағдайлар бөлімі, басқа да мемлекеттік органдардың
мүшелері кіріп отыр. Шешімге байланысты қандай да бір жағдайларды анықтаймыз.
Сондан кйін тағы айтатын боламыз. Карьер басшыларымен де жұмыс жасаймыз. Егер
де сол уақытта жұмысқа байланысты болса, онда анықтаймыз.