Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» ең алдымен жас ұрпаққа ой салады

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2014
  • 1556

Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» ең алдымен жас ұрпаққа ой салады. Егемендіктің тарихын білу, өз елінің өткеніне үңілу - әр қазақстандық азаматтың, елдің әр ұрпағының міндеті. Осындай пікірін журналистермен кездесуде ғалым, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков білдірді.

Ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» атты эссесін зиялы қауым өкілдері, қоғам ыстық ықыласпен қабылдағанын айтты. «Мемлекет басшысының қиын-қыстау кезеңдегі сәттерді еске алып, социалистік идеологиядан арылу, біртұтас мемлекет, тәуелсіз, егемен ел қалыптастырудағы атқарылған еңбектер туралы айтқаны - жастарға ой салып, жалпыұлттық патриоттық сезімді оятарлық дүние», - деді.

Мырзатай Жолдасбеков, ҚР қоғам қайраткері, ғалым:

Жастардың санасына ата тарихын құюымыз керек. Мәселен, Еуропаның қайбір жерлерінде ол замандарда мүлгіп ұйқыда жатқан кезде, біздің өңірде үлкен өркениет болған. Енді осыны бізге айтқызбады. Біздің қазақта өткені, тарихы жоқ деп те айтып келді. Тарихты бізге жазғызбады. Сондықтан біздің жастарымыздың көп уақытқа дейін санасының әртүрлі болып қалыптаса қоймағаны, ұлттық қасиеті оның қанына, сүйегіне дари қоймағанының бір себебі осыдан еді.

Жұрағат БАМАН