Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда қоғамдық көліктердегі жолақы 15 теңгеге қымбаттады

  • AstanaTV
  • 24 желтоқсан 2014
  • 859

Петропавлда қоғамдық көліктердегі жолақы 15 теңгеге қымбаттады. Ересектер енді бір жолғы жолақысы үшін 65 теңге төлейтін болды. Ал балалар үшін ол 30 теңге.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жолаушылар тасымалдайтын компаниялар жол жүру құнын 92 теңгеге дейін көтеруді сұраған. Айтуларынша, қазіргі баға оларды шығынға батырып отыр. Кей бағыттармен қатынайтын автобустар тіпті жабылуға шақ қалған.

Соңғы рет аймақта жол ақысы 2011 жылы көтерілген еді. 3 жыл ішінде жанармай мен қосалқы бөлшектер шамамен 50 пайызға өсті. Сондықтан, қоғамдық көліктердің жолақысын көтеруге тура келді, - дейді жергілікті билік өкілдері.

Абзал ҚҰРМАНКИН