Русский Сайттың толық нұсқасы

«Россельхознадзор» орыс-латыш шекарасындағы «Бурачки» өткізу бекетін жапты

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2014
  • 903

«Россельхознадзор» Ресей мен Латвия шекарасындағы «Бурачки» өткізу бекетінің жабылғанын хабарлайды.

Айта өтейік, бұл бекет арқылы Қазақстанға және өзге ТМД елдеріне азық-түлік тасымалданып келген. Бұл қадам Еуропалық Одақ, Канада, Австралия, Норвегия сынды елдерден транзиттік жүк тасымалының қатынауын тоқтату үшін жасалып отыр. Ведомствоның баспасөз қызметі осылай деп хабарлады.

Яғни, Ресей өз аумағы арқылы аталмыш елдерден Беларусь пен Қазақстанға тауар тасымалдануына қарсы. Ресей Еуропалық одақтың кері санкцияларға қарамастан, өз өнімдерін федерацияға кіргізіп жатқанына алаңдаулы.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА