Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда бұрқасындатып, қар жаууы үдей түседі

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2014
  • 981

Бүгін еліміздің басым аумағында бұрқасындатып, қалың қар түседі. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, ауа райының тұрақсыздығы атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты.

Солтүстік-батыста түнде жауын-шашынды болып, соңы қарға айналады, - деп жазады «Қазақпарат». Артынша тұман түсіп, бұрқасын көтеріледі. Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстарында  желдің күшеюі секундына 15-20 метрге дейін жетпек. Мұндай құбылыс Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл  облыстарында да байқалады.

Сондай-ақ, алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік-шығысы мен шығыс аймағындағы өзендерде су деңгейі құбылады. Оңтүстікте таулы аймақтардағы өзендерде жауын-шашынның мол түсуінен су деңгейі көтерілуі ықтимал.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА