Ақтауда маскүнем мүсіні пайда болды

  • AstanaTV
  • 22 қаңтар 2016
  • 2561
Ақтауда маскүнем мүсіні пайда болды

Ақтау жағалауында ерекше мүсін орнатылды. Ол ішімдікке сылқия тойып алып, аяғынан әзер тұрған адамның кескінін сипаттайды. Ер адам қолында ішімдік құйылған бөтелке бар. Туынды осындағы көңіл көтеру орындарына келушілерге ащы суға үйір болудың соңы осындай күйге жеткізетінін меңзейді. Жаңа бейне қала тұрғындарының қызығушылығын арттырды. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ