Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда «Коррупция - жастардың көзімен» сурет байқауы өтті

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2014
  • 2197

«Нұр Отан» партиясының Павлодарлық филиалы «Коррупция - жастардың көзімен» облыстық сурет байқауының қорытындысын жариялады.

Қазылар алқасы өңірдің әр ауданынан келген жиырмаға жуық туындының ішінен үш картинаны таңдап, жүлдегерлерді марапаттады.

Айта кету керек, аталған конкурсқа жергілікті кәсіпкерлер қолдау көрсетті. Жастарды ынталандыру мақсатында демеушілер әр орынға ақшалай сыйлық тағайындады. Жалпы сыйлық қоры 100 мың теңге болған. Үш айға созылған шара кезінде түрлі тақырыптағы әрі алуан стильдегі жұмыстар келіп түскен.

Партияның Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Илья Теренченконың айтуынша, картиналар арасынан нақты таңдау жасау қиынға соққан. Өйткені, әр туындының авторы қоғамның кесіріне айналған жемқорлық жайлы пікірін әрқалай жеткізуге тырысқан. Арасында құбыжыққа айналған шенеунік, қалтасын доллармен қампитқан басшы, тіпті коррупциядан емдейтін арнайы екпенің ойлап табылуы сияқты қызықты тақырыптар болды.

Индира Балтабаева
, байқау жүлдегері:

Әрине, бірінші рет конкурсқа қатысып отырмын. Коррупцияны түп-тамырымен жою суреті бойынша орын алдым. Өте
қуаныштымын, осы жүлделі орын алғаныма.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ