Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана Арландары» жаңа құрамасын таныстырды

  • AstanaTV
  • 26 желтоқсан 2014
  • 1132

Бүкіләлемдік Бокс Сериясының бесінші маусымы қарсаңында «Астана Арландары» жаңа құрамасын таныстырды. Былтыр әлемдік жобаның жартылай финалына дейін жеткен клубтың қатары 50 пайызға жаңарған.

Клубта бокшылар ғана емес, басшылық та, бас бапкер де ауысты. Енді клуб тізгінін ел намысын абыроймен қорғап келген спортшы Серік Сәпиев қолына алған. Ал, бас бапкер Марат Жакиев команданы биік белестен көрсетуге атсалысады. Команданың қатарына жаңадан 30 былғары қолғап шебері қабылданған. Олардың ішінде Хорватиядан келген екі легионер бар. Өзгелері қазақстандық боксшылар.

«Астана Арландары» болашақта Бокстан Ұлттық құрамамен тығыз жұмыс жүргізуді жоспарлаған. Себебі, еліміздің намысын қорғап жүрген атақты боксшылар Данияр Елеусінов, Иван Дычко және Жәнібек Әлімханұлы клуб сапына кірді. Арландардың жаңа құрамасы өз өнерін қаңтардың 17-сі күні Венесуэла құрамасына қарсы көрсететін болады. Бас бапкердің айтуынша, команда сапына тағы спортшылар алу жоспарда бар.

Марат Жакиев, «Астана Арландары» клубының бас бапкері:

Қазақстан чемпионатында команданың құрамасын жасақтадық. Командаға 8 Қазақстан чемпионы және Қазақстанға еңбегі сіңген 3 бокшы бар. Олардың қатарына тағы да спортшыларды уақыт өте келе таңдайтын боламыз. Алға қойған мақсатымыз - былтыр көрсеткен көрсеткіштен жоғары орынға жету.

Берік ХАСЕНОВ