Парламенттің
Жоғарғы палатасы 2014 жылды қорытындылап, биылғы жылдағы соңғы отырысын
өткізді. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев әріптестерін жаңа жылмен құттықтап,
табыс тіледі. Сонымен қатар спикер жаңа жылда күрделі жұмыстар күтіп тұрғанын
ескертті. Биыл Сенат 113 заң қабылдаған. «Олар елдің әлеуметтік-экономикалық
өрлеуін көздейтін стратегиялық бағдарламаларды іске асырудың берік құқытық
негізі», -
деп атап өтті Тоқаев. Спикердің айтуынша, өтіп бара жатқан жыл әлемдік
экономика мен халықаралық саясатта дүрбелеңге толы болса да, жүзеге асқан
жұмыстардың көлемі мен қарқыны жағынан Қазақстан үшін ерекше жыл болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті
Сенатының төрағасы:
2015
жыл еліміздің қоғамдық саяси және рухани өмірі үшін де маңызды болмақ. Барша
қазақстандықты қазақ хандығының 550 жылдығын, Ата заңымызбен Қазақстан халқы Ассамблеясының
20 жылдығын, Ұлы жеңістің 70 жылдығын қарсы алуға әзірленуде. Мұндай маңызды іс шаралар біздің халқымыз ешқашан мызғымайтын, жыл өткен сайын, нығайып беки
түсетін мәңгілік тәуелсіздіктің иесі деп ой толғаған Елбасының терең идеясына
негізделуі қажет. Сіздерге бірлесе атқарған жұмыстарыңыз үшін алғыс айтып, жаңа
жыл мерекесімен құттықтаймын.
Қуаныш
Айтаханов,
ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Кейбір
жерлерде кейбір кемшіліктер де болып жатыр. Бірақ ол кемшіліктерге келесі жылы
қайтып ораламыз. Мынау тұрғын үй қатынастары туралы заңда батыр аналарға,
үшемдерге кезексіз үй беру, ал батыр аналарға өз алдына кезек ұйымдастырып,
олардың кезегін басқалармен араластырмай, оларға да пәтер беру мәселесін
жеңілдетуді ұсынған болатынмын. Осы мәселе қабылданбай қалды. Бірақ оны қарап, келесі жылы біз шешеміз деген Үкімет уәдесін алып отырмыз.
Айгүл ӘДЕПБАЙ