Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2016
  • 2782

Сонымен Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауы наурыздың 20-нда өтеді. Халық ассамблеясының атынан сайланатын 9 депутатты  ассамблея мүшелері 21-наурызда таңдайды.

Партиялардың үміткерлерді  ұсынуы, кандидаттарды тіркеу, әрбірі үшін төленетін жарна, үгіт-насихат уақыты – жалпы сайлау науқаны туралы Мөлдір Бақытқызы тарқатады.

¤Төменгі палатаны тарқатып, ертерек сайлау өткізуді  президент ойланып жатқанда соңғы жалпы отырыс осылай өтіп жатты. Төрт жыл бойы иық тірестіріп, қызметтес болған бесінші шақырылым депутаттары кешкісін Президентің жарлығы шығатынын сезгендей. Естелік суреттерге түсіп қалуға асықты. Әлбетте, бос қалған 107 креслоға үш айдан кейін кімдер жайғасатыны беймәлім ғой.

Ал кезектен тыс Президент сайлауынан кейін 8 айдай жайбарақат жатқан Орталық сайлау комиссиясында қайта қарбалас басталды. Мұнда мерзімінен бұрын сайлау талаптары туралы қаулылар бекітіліп,  міндеттер айқындалып жатыр. Алдағы 20 күн ішінде депутаттыққа үміткерлердің тізімі шығады. Бір ай шамасында додаға түсетін саяси партиялар белгілі болады. Енді Тұрғанқұлов пен оның командасы үш айға жуық телеэфирден түспей, сайлау туралы заң талаптарын түсіндіруге тырысады.

¤

Қуандық Тұрғанқұлов, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Демократия талаптарына сай,сондай-ақ, Республика Конституциясына сай, ұлттық сайлау заңнамасына және халықаралық талаптарға сәйкес етеміз.

Депутаттықа үміткер атану "құны" да белгілі. Парламенттен дәмелі әр кандидат үшін, саяси партия 342 мың 885 теңге төлейді. Ал Мәслиxат депутаттығына үміткердің сайлау жарнасы 114 мың 295 теңге. Әр партия 98 кандидатқа дейін тізім түзе алады. Депутаттық мандат бөлісудің өз ережесі бар. Қалай болғанда да 7 пайыздық межені еңсерген кез келген партиядан кемінде 7 адам төменгі палатадан ойып тұрып орын алады. Оған қоса, төленген қаражат та қалтасында қалады.

¤

Владимир Фоос, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

¤

Ол сома жұмсалмайды. Депозитте жатады. Кейін 7 пайыз дауыс жинағандарға кері қайтарылады. Егер партия 7 пайыз жинаса, сайлау жарнасы түгелдей қайтарылады. Егер кандидат депутат болса, оған да төлеген жарнасы қайтарылады. Қалған жағдайда ақша республикалық бюджетке кетеді.

Ал үгіт-насихатқа біраз шығындалуға тура келеді. Оны партиялар өзі көтереді. Жалпы науқанды өткеруге қазынадан 8 млрд теңге бөлінбек. Жер жерде сайлау учаскелерін жасақтау, бюллетендер басып шығару тағысын тағы. Қос сайлауды бір мезетте өткізудің арқасында 4,8 млрд үнемдейміз- дейді. Партиялық тізім «тағдыры» сьездерде талқыға түседі. К¤ейбір партиялар қашан жиналатындарын жариялап та үлгерді. "Нұр отанның"  сайлауалды съезі 29-қаңтарда өтеді. "Ақжолдықтар" 3-ақпанға белгілеген.

СНХ Азат Перуашев, «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы

Партиямыз сайлауға қатыса ма қатыспайды ма деген шешім қабылдаумыз керек. Президиум отырысында біз осындай шешім қабылдадық. Бірақ нақты шешім тек қана заң бойынша партияның съезі шешуі мүмкін. Басқарушы орган ретінде. Сондықтан біз партияның президиумы атынан осындай ұсыныс съезімізге шығарамыз.

Тұрғын Сыздықов, ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы:

Президентіміздің указын коммунистер қолдайды. Халық сенім арттырады осы қиын жағдайда деген оймен осы сайлауға шығайын деп жатырмыз.

Серік Сұлтанғали, «Бірлік» партиясының төрағасы:

«Бірлік» саяси партиясы бұл шешімді қолдайды. Себебі жахандық дағдарыс төніп тұр. Өткен шақырылым депутаттары қысқа мерзімде Президент жолдауын орындауға қажет тиісті заңдарды қабылдады. Енді Парламентке жаңа күш керек.

Әли Бектаев, «Ауыл» халықтық-демократиялықпатриоттық партиясының төрағасы:

Қазақстан ауыл шаруашылығының перспективасы өте үлкен. Осы тұрғыдан алғанда, алдағы парламент сайлауында халық қалаулары ретінде біз нағыз еліміздің болашағына жани ашитын азаматтарды шығаруға мүмкіндігіміз бар.

Тағы бір мүмкіндік партия жетекшілеріне теледебат кезінде де беріледі. Бағыт бағдарын, бағдарламасын таныстарды. Пікірсайыс кезінде ұстанымы білінеді, ой-өрісі көрінеді.

¤

Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

¤

Бұл дебаттарды өткізуге бюджеттен қаржы қарастырылған Сайлау туралы заңның 28-бабында партиялық тізімдер ұсынаған саяси партиялар арасында Орталық сайлау комиссиясы саяси пікірсайыстар өткізеді. Оның тәртібі, оған берілетін қаражат көлемін айқындап, арнайы қаулы қабылдайды.

¤Сандарды сөйлетсек: Парламент Мәжілісіне 107 депутат сайланады. Оның ішінде 98 депутат партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан xалқы Ассамблеясы атынан сайланбақ. Ал жергілікті мәслиxатқа 3 335 депутат сайланады. Оның ішінде облыстық мәслиxаттарға - 550, қалалық - 625, сондай-ақ 2 160 депутат аудандық мәслихаттарға сайланады. Ассамблея атынан түсетін депутаттарға тек ассамблея мүшелері дауыс береді.

¤

Татьяна Охлопкова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

¤

Сайлауға тек Ассамблея мүшелері қатысады. Үміткерлер Ассамблея кеңесінің отырысында таңдалады. Кеңес Парламент мәжілісіне кемінде 9 депутат ұсынулары керек.

¤

Мерзімінен бұрын 20-шы наурызда өтетін сайлауда электоратқа бірден үш бюллетень беріледі. Сайлаушы қалаған партияға дауыс береді және облыс пен қалалық мәслихат депутаттарын таңдайды. Астана мен Алматы сайлаушылары республикалық мәртебелеріне сай, 2 бюллетеньнен алады. 

«Нұр Отан»  партиясы мерзімінен бұрын сайлау өткізуге қатысты мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысына алғыс айтады. «Жаһандық экономикалық дағдарыс кезінде заң  шығарушы органның құрамын жаңартып, сапалық деңгейін көтеру қажет деп санаймыз. Бұл барлық саяси партиялар үшін -  өзекті мәселелерді шешу жолын ұсынуға, халық сенімі сынағынан өтуге және мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде жаңарған Мәжілісте өзін жақсы жағынан көрсетуге жаңа мүмкіндік. Біз 940 мың партияластарымыздың атынан елдің барлық азаматтарын мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде топтасқандық пен ауызбіршілік көрсетуге шақырамыз »- деген.

Мөлдір Бақытқызы, «Біздің уақыт».