Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ өнер университеті биылғы жылды бірқатар табыстармен аяқтады

  • AstanaTV
  • 30 желтоқсан 2014
  • 1456

Қазақ өнер университеті биылғы жылды бірқатар табыстармен аяқтады. Оқу орнына қарасты өнер ұжымы Лондон, Париж қалаларына, Оңтүстік Корея мен Испания еліне гастрольдік сапармен барса, келер жылы Азия мен Латын Америкасында өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде болған брифингте айтылды.

Алдағы жылы қолға алынатын өзге де тың жоспарларымен бөліскен Айман Мұсақожаева өз шығармашылығына тоқтала кетуді де ұмытпады. Өнер шебері скрипкасының 17 ғасырда атақты шебер Антонио Страдиваридің қолынан шыққанын айтты. Осыдан 15 жыл бұрын аспапты біздің еліміздегі мұражай  Нью-Йорктен 700 мың долларға сатып әкелген. Қазіргі бағасы одан да қымбат көрінеді.

Айман Мұсақожаева,  Қазақ өнер университетінің ректоры, Қазақстанның еңбек ері:

Негізі, скрипка қазақтың қобызынан шыққан деуге болады. Ал менің әлемдік сахналарда өнер көрсететін скрипкам 17 ғасырда жасалған. Мен ол үшін ай сайын музейге 100 мың теңге төлеп, жалға аламын.

Халық әртісі басқарып отырған Қазақ өнер университетін алдағы уақытта да қым қуыт маңызды шаралар күтіп тұр. Айта кетейік, жуырда ғана Айман Мұсақожаева «Қазақстанның Еңбек ері» атағына ие болды. Тәуелсіздік мерекесі тұсында ол Елбасының өз қолынан марапат алды.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ