Таразда
қоржын толы ақшасы бар «Тараз-Су»
мекемесінің кассирін банктің кіреберісінде тонап кетті. Тәртіп сақшыларының
дерегінше, кассир мекеменің 3 жарым миллион теңгесін банкке өткізуге әкеле
жатқан. Ғимаратқа кіре бере,
оны белгісіз біреу бастан ұрып талдырған. Оқиға орын алысымен, жеті бірдей жол
потрульдік полиция экипаждары шұғыл іздестіру шараларына кірісті. Алайда,
әзірге еш нәтиже жоқ.
Тәртіп сақшылары тек қаржы орталығының кіреберісіндегі
бейне камераларды ғана айналшықтап, тексеру үстінде. Ал, тергеуге алынғандар:
ақшасынан айрылып қалған кассир мен оның көлік жүргізушісі. Кассир дің
айтуынша: қол сөмкеде үш жарым миллион теңге болған. «Бірақ
ұрланған миллиондардың мөлшері бұдан да көп болуы мүмкін», -
дейді мамандар. Нақты қанша қаржы қолды болғанын анықтау үшін «Тараз-Су»
серіктестігі кассасы қайта тексеріледі.
Әзірге анықталғаны кассирдің
миллиондаған ақшаны ешқандай күзетсіз, тіпті арнайы көліксіз өткізуге әкелгені.
Бірақ бұлай қауіпті жағдайда ақша алып жүру олардың күнделікті дағдысына
айналғанына ызалы құзырлы орган мамандары. Сондықтан «Тараз-Су» мекемісінің
басшыларына да қылмыстық іс қозғалуы мүмкін, деді.
Ғани
Әбеков, Тараз қаласы ІІБ 2-ші полиция бөлімі бастығының орынбасары:
Бұл
жерде өздерінен де қателік кеткен. Себебі ол кісілер күнделікті сол жерге ақша
өткізеді. Ешқандай қасында күзет жоқ. Алып жүруші жоқ. Арнайы көлік жоқ. Жалғыз
үлкен кісіні әкелген де шофер Ленин көшесіне тастағанда ары қарай кеткен.
Данияр ӘЛІМҚҰЛ