Русский Сайттың толық нұсқасы

Раушан Сәрсембаева: VI шақырылымда әйелдер қатары артуы тиіс

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2016
  • 2268

Аладағы Мәжіліс пен мәслихат сайлауларына әйелдер де түсуі қажет. «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының» президенті Раушан Сәрсембаева осындай пікірде. Статистиканы сөйлеткен ол 5-ші шақырылымда аймақтар мен аудандарда нәзік жанды саясаткерлердің үлесі 25 пайызды құрағынан айтты. «Ал, 6-шы шақырылымда олардың пайыздық үлесі 30-ға жетуі керек. Өйткені әйелдер қоғамдық, саяси сын-қатерлерге ер азаматтармен теңдей жауап бере алатын деңгейде», - десті.

Раушан Сәрсембаева, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» РҚБ президенті:

Менің ойымша, алдағы Парламент сайлауына әйелдер қауымы көптеп түсуі керек. Бұл - әйелдердің қоғамдық, саяси потенциалын іске асырып, белсенділігін танытудың тамаша мүмкіндігі.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА