Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тың Джорджия штатындағы қатты желден үйлер қирап қалды

  • AstanaTV
  • 05 қаңтар 2015
  • 1405

АҚШ-тың оңтүстік шығысында да қатты жел болып, Джорджия штатында ондаған отбасы баспанасынан айрылды. Дауыл сондай-ақ бірнеше көлікті зақымдап, талдарды тамырымен жұлып әкетті. Табиғи апаттың экономикалық салдары әлі есептелген жоқ.

Жергілікті билік зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетуді қарастыруда. Алабамада алып ағаш тұрғын үйге құлап, шатырын қиратып, маңайда тұрған автокөліктің үстіне түскен. Ал баспанасыз қалған тұрғындар «бастысы - өзіміз аманбыз» деп тәубе етуде.

Синоптиктер ауа райы қолайсыздығын Миссисипиде екі бірдей жойқын торнадоны тудырған циклонмен байланыстырып, алдағы күндері аяз болады деп болжап отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ