Сирия
оппозициясы жаңа жетекшісін таңдады. Ол Халед Ходжа есімді азамат. Бұл туралы
Оппозициялық және революциялық ұлттық коалиция Фейсбуктегі парақшасында жариялады. Халед Ходжа 56 дауыс жинаған.
«Рейтерс» агенттігі хабарлағандай, коалицияның бұрынғы басшысы Хади әл Бахра қайта
сайлауға түсуден бас тартқан. Ал Ресей Сирия оппозияциясының жауабын әлі
күтуде.
Күні бұрын ресми Мәскеу кездесуді Ресей аумағында өткізуге
ұсыныс білдіріп, сириялық оппозицияның 28 жетекшісіне шақырту жіберген.
Алайда оң қанат өкілдері жауап беуге асықпай отыр. Сириядағы соғыста ресми мәскеу
Башар Асадтқа жақтасатыны белгілі. Ал Сирия үкіметіне келсек, Дамаск 28
желтоқсанда Мәскеуде өтетін кездесуге қатысуға ниет танытқан.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ