Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ирак және Левант Ислам мемлекеті» Тәжікстанға джихад қаупін төндірді

  • AstanaTV
  • 05 қаңтар 2015
  • 2519

«Ирак және Левант Ислам мемлекеті» Тәжікстанда джихад орнатпақ. Әлеуметтік желілерде кезекті бейнетүсірілім пайда болды. Онда Иракқа соғысқа аттанған Тәжікстан азаматтары «Ислам мемлекеті» тобының басшысы Әбубәкір Багдадиға үндеу тастаған. Олар Тәжікстанда джихад ашуға рұқсат сұрайды. Багдадидың жауабы әлі белгісіз.

Дегенмен, Тәжікстандағы дін қызметкерлері содырлардың бұл мәлімдемесіне үзілді-кесілді қарсы шықты. Айтуларынша, бұл топтың хақ ислам дініне еш қатысы жоқ. Еске салсақ, Ислам мемлекеті өткен жылы Аль-Кайда ұйымынан бөлініп, аз уақыт ішінде Ирак пен Сирияның көптеген бөліктерін басып алды. Топ исламдық халифат орнатпақ ниетте. Бұл мақсатта инфрақұрылымын мықтап дамытуда.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ