Русский Сайттың толық нұсқасы

Ертең христиан әлемінің басты мерекесі - Рождество

  • AstanaTV
  • 06 қаңтар 2015
  • 2798

Ертең христиан әлемінің басты мерекесі Рождество басталады. Православтар мен католиктердің діни мейрамын атап өтуге Қазақстанда да қызу дайындалуда. Ресми түрде Рождество Христово мерекесін католиктар желтоқсанның жиырма бесі тойласа, еліміздегі қатары кең таралған православтар жетінші қаңтар күні тойлайды. Бұл діни мерекені Қазақстанмен қатар дүние жүзінің 145 мемлекетінде атап өтеді.

Бұл күні христиандар шіркеулер мен ғибадатханаларға барып, шоқыну арқылы
құдайға құлшылық етеді. Рождество түнінде шамдар жарқыратып жағылады, шырша безендіріліп, мерекелік халық әндері айтылады. Рождество тарихы осыдан екі мың жыл бұрын Мария ананың Иисус-Ғайса пайғамбарды өмірге әкелген күнінен басталған. Міне, содан бері христиандар 20 ғасыр бойы тойлап келеді. Еліміздегі шіркеулерде мерекелік іс-шаралар қаңтардың 6-сынан 7-сіне қараған түні өткізілімек. Осы түнде құдайға құлшылық ету сағат кешкі 22.00-де басталып, түнгі сағат 3.00-ге дейін созылады. Бұл туралы арнайы брифингте митрополит Александр айтты.

Александр, Астана және Қазақстан митрополиті:

Тағы бір ауқымды және басты іс-шаралардың бірі - ол Алматыдағы Вознесенский кафедральды соборын православтарға қайтарып бергеніне 20 жыл толуы. Осы күнді де атап өтеміз.

Берік ХАСЕНОВ