Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақ үй: мұнайдың арзандауы АҚШ экономикасына тиімді

  • AstanaTV
  • 06 қаңтар 2015
  • 989

Жыл басында мұнай бағасы тағы түсті. Қазіргі уақытта ең өтімді саналатын Brent және WTI маркалы мұнай бағасы бір жарым пайызға төмендеп, бір барреліне 55-51 долларға саудалануда. «Алайда  үш айдан соң қара алтынның құны қайтадан қымбаттайды»,-дейді сарапшылар. Бұл туралы БАҚ.кз ақпараттық порталы хабарлады.

Қазіргі таңда Brent маркалы мұнайдың бір баррелі Лондон биржасында 55 долларға, ал WTI маркалы мұнай 51 АҚШ долларына бағалануда. Мұнай бағасының бұлай төмендеуі - әлем нарығында бірінші рет 2009 жылғы дағдарыс кезінде болған шекті көрсеткішіне дейін жетіпті. Сарапшылардың пікірінше, қара алтын бағасының құлдырауы - сланц мұнай өндірісінің ұлғайуымен байланысты.