Елімізде автокреслолар
саудасындағы дүрбелең қызып тұр. Осындай тауар түрін сататын дүкендер соңғы
бір аптада үш айлық жоспарды орындап тастағандарын хабарлауда. Тіпті жаңа жыл
қарсаңында ғана жеткізілген көлікке арналған балалар орындықтары қоймаларда да
қалмаған. Мұндай көрініс әсіресе Алматы, Астана, Атырау қалаларындағы
дүкендерге тән.
Алматыдағы мына сауда орнында автокреслоның ең арзаны 15 мың
теңге тұрады. Ал 8-ден 12 жасқа дейінгі балаларға шақталған тауардың құны 90
мың теңгеге бағаланған. Дүкен сатушылары төмен бағадағы балалар орындығының
қызу саудаланып жатқанын айтады. Осындай жағдай сауда желісінің өзге
дүкендерінде де байқалады.
Айта кетейік, елімізде 7 қаңтардан бастап жаңа жол
жүру ережелеріне сәйкес 12 жасқа дейінгі балаларды арнайы автокресломен
тасымалдау қарастырылған. Бұл ережені сақтамаған жүргізушілер 10 мың теңге
көлемінде айыппұл төлейді.
Мен балаларымның қауіпсіздігі үшін автокреслоны сатып
алуға дайынмын. Бірақ алаңдататын бір жайт бар. Көліктердің есігін бұзып,
оларды ұрлайтын жағдайлар көбеюі мүмкін. Сосын оған деген сұраныс жоғары
болғандықтан, оны қайта сататын алаяқтардан сақтану үшін не істеуге болады?
Виталий Степанов, дүкен менеджері:
Біздің дүкенде автокреслоны сатып алу 27 желтоқсаннан бері күрт өсті. Тіпті
біз жаңа жылдық демалыс күндері де жұмыс істедік. Телефонымызға тыным жоқ.
Өткен айда 40 кресло сатқанбыз. Ал осы аптада ол 200-ге жуықтады. Сұранысқа ие тауарлар қалмай барады.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ