Русский Сайттың толық нұсқасы

Өткен жылы жеті мыңдай оралман Қазақстанға қоныс аударған

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2015
  • 983

Өткен жылы 7 мыңға жуық қандасымыз атамекенге қоныс аударған. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, 9 айдың көрсеткіші бойынша Қазақстанға 3347 отбасы немесе 6761 қазақ оралыпты.

Гендерлік құрамы бойынша ер адамдар басым. Елге оралған этникалық қазақтардың 4,5 мыңнан астамы еңбекке жарамды. Келген оралмандардың арасында 400-дей адам жоғары білімді. Ал білімі жоқтардың саны 1 мыңға жақын. Айта өтейік, оралмандардың 74 пайызы ТМД елдерінен: Өзбекстан, Түркменстан мен Ресейден келген.

2014 жылы Қазақстанға 6761 этникалық қазақ оралған.
Ер адамдар - 3438 адам, әйелдер - 3323 адам, балалар - 1598 адам, еңбекке жарамды жастағы тұлғалар - 4768 адам, жоғары білімді - 368 адам, орта мамандандырылған білімі бар - 869 адам, жалпы орта білімді - 2592 адам, білім алмағандар - 938 адам.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА