Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында МИ-2 тік ұшақ апатына қатысты арнайы комиссия құрылды

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2016
  • 2172

Жамбыл облысында МИ-2 тікұшағының құлауына байланысты арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы Төтенше жағдай департаменті мамандары хабарлады. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Ал, әуе көлігін басқарған ұшқыш Валерий Михиннің жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр.

Әбілсейіт Сыдықов, Тараз қ. №2 ауруханасы күйік бөлімінің меңгерушісі:

Қазіргі жағдайы науқастың өте ауыр болып саналады. Бүкіл денесінің 50 пайызын күйік шалған және де тыныс жолдарының күюіне байланысты тағы да 10 пайыздық мөлшерде қосымша, сонымен 60 пайыз күйікпен қазір біздің жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастың шоктан шығару жолдары ізделініп жатыр.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әуе көлігі Тұрар Рысқұлов ауданы орталығынан 100 шақырым жерде апатқа ұшыраған. Оқыс оқиға 23-ші қаңтар күні, шамамен кешкі сағат алты жарымдарда, болған. Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, тікұшақ «Жаңа әлем» әуе компаниясына тиесілі.

"Интерфакс" агентігінің хабарлауынша, апатқа ұшыраған тікұшақта 3 адам болған, тек ұшқыш қана зардап шеккен. Алайда, әуе көлігіндегі басқа 2 адам туралы ақпарат жоқ, дейді ақпарат агентігі. Сол маңда мал бағып жүрген куәгерлер де тік ұшақта 3 адам болған деп отыр.

Ербол Өстеміров, куәгер:

Қона алмаған, қайтып көтеріліп кетті. Ол кезде былай кетті. Бір уақытта жалын, қып-қызыл жалын, от шықты.  Үшеуі де жетіп қойған ғой, біз үйге бардық қой, сол жерде тұр. Жаңағылардан: «Ей не болды, қалай болды, қалай аман қалдыңдар?», - десем, «секіріп кеттім, секіріп кеттім» дейді. 25-30 жастағы балалар.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ