Русский Сайттың толық нұсқасы

Ява теңізінде апатқа ұшыраған AirAsia әуе компаниясы ұшағының артқы бөлігі табылды

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2015
  • 1339

Ява теңізінде апатқа ұшыраған  AirAsia әуе компаниясы ұшағының артқы бөлігі табылды. «Индонезия іздеу-құтқару агенттігі басшысы сүңгуір және теңіз асты көліктерінің ұшақтың артқы бөлігін тапқанын растап отыр», - деп хабарлайды Рейтерс агенттігі.

Айта өтейік, ұшақтың құлау себебін анықтайтын қара жәшік ұшақтың артқы  бөлігінде  орналасқан. Осылайша, қайғылы оқиғаның себебін анықтау мүмкіндігі туып отыр. Іздестіру кезінде  тағы екі адамның мәйіті табылды. Сөйтіп қаза тапқандар саны 40-қа жетті.

Еске салсақ, Индонезияның Сурабая аралынан Сингапурға бет алған ұшағымен байланыс 28 желтоқсанда жоғалған. Оның бортында 162 жолаушы болды. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА