«Астана» баскетбол командасы сырт алаңда жеңіске жетті. Біртұтас
лиганың кезекті турында Эстонияның «Калев» клубына қонаққа барған Рамунас
Бутаутастың шәкірттері үш ұпайды олжалады.
Кездесу басынан ойын тізгінін
қолдарына алған қазақстандық команда ұпай санын арттырды. Шабуыл шебінде ширақ
қимылдаған Ник Медли мен Патрик Калатес мергендігімен танылып, «Калев»
қорғаушыларын жиі қателесуге мәжбүрледі. Нәтижесінде, үлкен үзіліс алдында
«Астана» клубы алға шықты. Ойынның екі жартысында алаң иелері есепті қысқарту
үшін аянып қалмады. Бірақ, қорғаныста сауатты ойнаған қазақстандық команда
жеңісті қолдан бермеді. Қорытынды есеп - 86-80. Бұл жетістігінен кейін Рамунас
Бутаутастың шәкірттері турнир кестесінің 9-шы сатысына көтерілді.
Келесі
кездесуін «Астана» командасы Краснодар қаласының «Локомотив-Кубань» клубына
қарсы өткізеді.
Самат ҚАНАҒАТОВ