«Шарли Эбдо»
басылымы редакциясына қарсы жасалған террорлық әрекетке байланысты Франция президенті Франсуа Олландқа жолдаған көңіл айту жеделхатында Президент
Нұрсұлтан Назарбаев «терроризмнің етек алуы барлық мемлекеттер үшін ортақ
қауіп-қатерге айналып отырғанын» айтқан», - деп хабарлады Ақорданың баспасөз
қызметі. «Қазақстан өз тарапынан халықаралық қауіпсіздікке қатер туғызатын
лаңкестік пен экстремизмнің кез келген түрін айыптайды», - делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан оқиға
құрбандарының отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Франция халқына
көңіл айтты.
Жұрағат БАМАН