Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда куәлігінен айрылған 30-ға тарта жүргізуші жол полицейлерін сотқа берді

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2015
  • 687

Оралда көлік иелері полициямен соттасып жатыр. Олар өздерін жүргізуші куәлігінен айырған тәртіп сақшыларын кінәлап отыр. Айта кетейік, былтыр күзде көшенің қарсы бетіне шығып кеткен 40 шақты көліктің иесі жүргізуші куәлігінен бір жылға айрылған еді. Жүргізушілер  бұл әрекетін жолдың ортасында  көлік апатына ұшырап тұрып қалған көліктерді айналып өткендігімен түсіндіреді. Дегенмен, заңды алға тосқан полиция оларды жаяу қалдырды. Мұнымен келіспеген жүргізушілер прокуратураға шағым түсірген. Олар өздерін әуре-сарсаңға салған полицейлердің жазаға тартылуын талап етіп отыр.

Сергей Сергеев, Орал қалалық №2 сотының судьясы:

Жүргізуші куәлігінен айрылған он шақты талапкерден сотқа арыз түсті. Олар жол полициясы қызметкерлерін әрекетсіздігі үшін кінәлайды. Талапкерлер сотқа айғақ ретінде сол күні түсірілген бейнематериалдарды да сұратты, сот олардың бұл өтінішін қанағаттандырды. Кейін бұл материалдар жіті зерттелетін болады.

Еркін КАРИН