Русский Сайттың толық нұсқасы

2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2015
  • 1711

2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы. Осыған орай атаулы шаралар ақпан айында бастау алмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Ассамблея жылы аясында қазақ хандығының 550 жылдығы да атап өтіледі. Сондай-ақ Ата заңның 20 жылдығы мен Жеңістің 70 жылдық мерейтойы  да бар.

Өзге ұлт өкілдерінің балаларына қазақ тілін үйрететін «Мың бала» байқауы, этномәдени бірлестіктер арасында ең үздік әлеуметтік жоба сайыстарын өткізу де жоспарланған. Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің Қазақстандық моделіне арналған ең үздік ғылыми жоба байқауы, ұлттық компаниялар арасындағы ең үздік қайырымдылық жобасы, ең үздік инновациялық жобалар сайысы да ұйымдастырылмақ. Арнайы Ассамблея жылының туы көтеріледі. Елбасының қатысуымен Ассамблеяның сессиясын өткізу жоспарланған. Атаулы шаралар 1 желтоқсанда тұңғыш Президент күніне орай өтетін Қазақстан халқы форумымен аяқталады.

Ералы Тоғжанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

Биылғы тойдың негізгі бағыты да, мәні де осы бірлікті нығайтуға бағытталады. Мына қоғамдық келісім еліміздің тәуелсіздігін нығайтты, қауіпсіздігін басқа елдерден арттырды. Неге десеңіздер, ішкі саясаты мықты елдің ғана сыртқы саясаты мықты болады. Осындай негізгі дүниелерді біз, сөз жоқ, бірінші күннен бастап қарастырып отырмыз. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ