Ақтөбеде болған
жеке үйдегі жарылысқа газ баллоны себеп болған. Облыстық «ҚазТрансГазАймақ» мамандары
осындай қорытынды жасап отыр. Естеріңізге сала кетейік, 9-шы қаңтар
күні Ақтөбе маңындағы Магаджан ауылында газ жарылып, 6 адам ауыр жарақат алған
еді. Олардын бірі бала. Ал, үйдің
қабырғалары құлап, төбесі ортасына түсті. Күйік алған 6 адамның 3-і әлі
жансақтау бөлімінде жатыр.
Дәрігерлер оларды Астанаға жеткізу мәселесін
көтерген болатын. Алайда ауыр халдегі науқастар жолды көтере алмауы мүмкін.
Сондықтан жағдайлары дұрысталғанша, жансақтау бөлімінде ем қабылдамақ. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ облыстық филиалының дерегінше,
үй иесі газға толы баллонды бөлмеге кіргізіп, жылыту құбырына тақап қойған.
Жоғары температурада қызып кеткен баллон жарылған деп отыр.
Аймырза ЖАМАНҚҰЛОВ «ҚазТрансГазАймақ» АҚ облыстық филиалының баспасөз хатшысы:
Табиғи газды
пайдаланғанмен ешқандай байланысты емес, бұл жерде үй иесі газ баллондарын
пайдалану ережесін бұзып отыр. Біз енді ескерту беріп жатырмыз, әлде де
айтамыз, әсіресе, жылу маусымы кезінде тұрмыста газ баллондарын тұтыну
ережелерін сақтау керегін айтамыз.
Т. ОСПАНБАЕВА