Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы Баянауыл базарында тағы да айғай-шу толастамай тұр

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2015
  • 981

Алматыда авто бөлшектерін сатып келген Баянауыл базары бүгін шындап бұзыла бастады. Сот орындаушылары әкімшілік нысандарды қиратуға түс ауа кіріскен. Әдейі адамдардың азайған кезін күтті»,-дейді ашуланған халық.

Баянауыл базарында тағы да айғау-шу. Саудагерлер:«жергілікті әкімдік жеті күн мұрсат бергенімен уәдесінде тұрмады»,-дейді. Жаға жыртысуға дейін барған жанжал жайында тілшіміз баяндайды. Бұл жолы саудагерлер өз мүлкін қорғауға шықты. Сот орындаушылары кешкі сағат төртке таман еш ескертусіз нысандарды бұзуға кіріскен. Ауыр техника жолындағының барлығын жайпады. Жиналған халықтың айтуынша, олар тіпті ішінде адамдар отырғанына да қарамаған.

Баян Қостарова, саудагер: 

Көріп тұрсыздар ғой біз әліде тұрмыз қарамайды. Келді машиналармен мен баламен жүрмін қарамайды. Үстінен осындай қылып қиратып салды. Біз:«бір апта уақыт берді»,-деп айттық. Бір апта күтіңдер десек, жоқ дейді. Бізге айтады сендер жай жүрсіңдер дейді. Неге көшірмейсіңдер дейді. Ал мына ел көшіп бола алмай жатыр.

Нәсіп тауып келген орны қираған үйіндіге айналған кәсіпкерлердің бірі  Шәмшінұр Құрбанова. Ол:«осы базарда 15 жыл бойы нан тауып келген едім»,-дейді. Ауыр техника асханасының қабырғасын қиратқан кезде ішінде өзі де болыпты.

Шәмшінұр Құрбанова, саудагер:

Сағат 4-терде келді, сындырамыз деп біз ішінде тұрғанымызға қарамастан бой бермеді. Ыдыс-аяқ ештеңені тасыған жоқпыз. Ішінде адамдарда болды. Оған қарамай сындырды, осы дұрыс па? Осыны өздері бізге төлеп береді ме? Ешкім бізге қарамай сындырып тастады. 

Айғай-шудың астында қалған сот орындаушылары барлық іс-қимылдары заң аясында екенін айтуда. Ал, қиратылған нысандардың түгелімен бос болғанын алға тартады. Баянауыл базарын бұзудың жалғасатынын жеткізді.

Рахым Орынбаев, Алматы қаласы аумақтық сот орындаушысы: 


Біз бұзып құртып жатқан жоқпыз. Біз жолды жауып тұрған жерлерді бұзып жатырмыз. Әкімшілік ғимараттығ мұның шатырын алып жатырмыз, өйткені, бұл әкімшілктің алдын да провокация жасайды. Соттың шешімі бар қалай бұзылмайды. Оны біз орындау керекпіз.

Базарды көшіру жұма күні басталған. Саудагерлердің айтуынша, содан бері олар өз тауарларын көлікке қойып, күзетіп жүр екен. Олар базар өртінен қауіптенеді. Олар өз бетінше жанып кеткен болатын. 3 күн ішінде базардағы мыңға жуық контейнерлердің жартысы да босатылмаған. Адамдар мүліктерін көшіріп үлгермей жатыр. Кейбірі ұрлықтан қорқып заттарын қараңғы түскеніне қарамастан көшіруге тырысуда. 


Берік ХАСЕНОВ