Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысы мен Астана аумағында бүгін-ертең ауа-райы күрт бұзылуы ықтимал

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2015
  • 2050

Ақмола облысы мен Астана аумағында бүгін-ертең ауа-райы күрт бұзылуы ықтимал. Төтенше жағдай мамандары желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін, кей жерлерде тіпті 25 метрге дейін күшеюі мүмкін деп отыр. Күн райын бақылаушылар бұрқасындатып, жер көк тайғақ болады деген болжам жасаған.

Ал, Алматыда күн жылымық танытып, термомтер бағаны нөлден жоғары болмақ. Гидромет орталығы ақпаратына сәйкес аздаған жауын-шашын түсіп, тұман болады. Еске салсақ, ежелгі адамдардың нанымана сай қаңтардың ортасы жылы болса, егін бітік шығады.

Мансұр ЕСХОЖИН