Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейліктер жалған мәлімет жасап, активтерін шетелге шығарып жатыр

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2015
  • 1152

Ресей орталық банкі капиталдың шет елдерге ағылуынан сескеніп, бақылауды күшейтті. Бұдан былай әрбір банктік операция мұқият зерттелмек. Әсіресе, қазақстандық контрагенттер ерекше назарда деп хабарлайды «Известия» басылымы. Белгілі болғандай ресейліктер Қазақстан территориясы арқылы тауар тасымалдап жатырмыз деп жалған мәлімет жасап, активтерін шетелге шығарып жатыр. 


Сондықтан, Ресей қаржы институттары импорттық мәміле бойынша барлық құжаттарды жіті тексере бастады. Басылымның хабарлауынша, Қазақстанмен арадағы ақшаны жымқыру жүйесі етек жайған. Бұған дейін Қазақстаннан келетін тауар үшін қаражат бірден оффшорға жөнелтілетін болса, енді белгілі уақытқа дейін қазақстандық банктерде жасырын жатып, кейін заңсыз шетел асады.

Сондықтан Орталық банк қатаң шараға көшті. Тіпті, Ресей банктері Қазақстан мен Беларусьпен тығыз байланыстағы клиенттердің құжаттарын зерттемей-ақ, кері қайтаруда дейді мақала авторы.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА