Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда жаяу жүргінші жолағында қоғамдық көлік екі адамды қағып өлтірді

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2015
  • 1213

Атырауда қоғамдық көлік адам қағып өлтірді. Бүгін таңертең қаладағы Балықшы және Авангард шағын аудандары арасына қатынайтын №12 автобус, жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан екі жолаушыны қағып кетті. Қос жүргінші де қаза тапты. Мамандар оқыс оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты ҚК-тің 345-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Әзірге белгілісі, қайтыс болғандар жолдың қарсы бетінде орналасқан энергетика және құрылыс колледжінің қызметкерлері екендігі ғана.

Әріптестерінің айтуынша, олар ертеңгілік жұмысқа келе жатқан. Олардың отбасына көмек үшін жұмыстан қол үзбеген зейнеткерлер екені белгілі болды.

Айтжан Шотанов, Атырау Энергетика және құрылыс колледжі директорының орынбасары:

Бұл кісілер бірнеше жылдан бері осы мекемеде жұмыс жасайды. Біреуі - қойма меңгерушісі, екіншісі - тазалықшы. Жұмысқа келе жатқан кезі, сегіздің шамасында. Бұрынғы тәртіптің адамдары ғой, ерте келеді олар жұмысқа.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ