Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуропалық одақ Мәскеумен ара-қатынасын қалпына келтіруге дайын

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2015
  • 1097

Еуропалық одақ Ресейге қарсы санкцияларын жеңілдетіп, Мәскеумен ара-қатынасын қалпына келтіруге дайын. Тек ол үшін Ресейге Украинаға қатысты көзқарасын өзгерту жайлы талап қойып отыр,- деп жазады «The Wall Street Journal». Құжат 19-қаңтарда Брюсселде қаралуы тиіс.

Енді барлығы Мәскеудің ұстанымына байланысты өрбімек. Ресей Украинадағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында Минск келісімін орындап, елге газ жеткізу келісімін жүзеге асыра ма? Украина мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастыққа қатысты Мәскеудің көзқарасы қандай болмақ.

Алдағы уақытта Кремльдің осы және өзге де жәйттерге қатысты ұстанымы ескеріледі, деп жазады басылым. Ресей Украина дағдарысын реттеуге қатысты Минск келісімін орындаса, санкцияларды алып тастау мәселесі қаралатыны туралы Брюссель бұған дейін де айтты.

Дегенмен  жағдай жеңілдер емес. Бүгін премьер-министр Арсений Яценюк қарыз көлемін тағы бір мәрте атады. 2015 жылы Украина 11 млдр. доллар көлеміндегі қарызын өтеуі тиіс.

Айгүл ӘДЕПБАЙ