Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда қаңғыбастарды бейімдеу орталығында былтырдан бері аты-жөні белгісіз адам жүр

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2015
  • 1178

Аты-жөні беймәлім азамат. Таразда белгілі тұрағы жоқ қаңғыбастарды әлеуметтік бейімдеу орталығында былтырдан бері осындай адам жүр. Орталық қызметкерлері оны Валера деп атап кеткен. Былтыр қараша айында осы жерге тап болған ол өзінің кім екенін мүлде білмейді. Тіпті қайда туғанынан, қай аумақта жүргенінен хабарсыз. Айтар ойын жеткізе алмайтындықтан, оны орталық қызметкерлері де түсінбей қиналады.

Бүгінде Тараздағы бейімдеу орталығында түрлі себептермен түскен 120 адам жатыр. Осындағы қызметкерлердің айтуынша, еңбекке жарамдыларын көше тазалау секілді қоғамдық жұмыстарға жіберетін көрінеді. Ал Валера болса, жұмысқа жарамсыз. «Оның денесінің сол жақ бөлігі жүрек талмасынан қимылсыз қалған болуы мүмкін», - дейді орталық мамандары. Бір қолы да сынған.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ