Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада жол сақшылары жаңа жол қозғалысы ережесіне сай айыппұл сала бастады

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2015
  • 1364

Астанада жол сақшылары жаңа жол қозғалысы ережесіне сай айыппұл сала бастады. 12-ші қаңтардан бастап, 2 күнде 20 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырған. Олар негізінен балаларды көлік ішінде тиісті бекіту құрылғысыз алып жүргендер.

Сонымен қатар 124 азамат күндіз көлігінің жарығын қосуды ұмытқан. Бұл жайында Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Сабыр Жүсіпбековке сілтеме жасаған "Bnews" ақпараттық агенттігі хабарлады. Айта кетейік, Жол қозғалысына қатысты жаңа ереже биыл енгізілді.

Талап бойынша, көліктің алдына 12 жасқа дейінгі бала тек арнайы орындықпен отырғызылады. Бұдан бөлек, көлік артындағы жолаушылар міндетті түрде қауіпсіздік белдігін тағуы шарт. Сол сияқты балаларда.

Айта кету керек Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, көліктегі арнайы құрылғыға бекітілген бүлдіршіндердің 71 пайызы оқыс оқиға кезінде аман қалады. Жеткіншектердің 64 пайызының өмірін тиісті белдік сақтап қалатын көрінеді.

Мансұр ЕСХОЖИН