Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейдің экономикалық даму министрі ел экономикасына алаңдаулы

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2015
  • 1048

«Ресей экономикасының берекелі даму дәуірі келмеске кетті». Ресейдің экономикалық даму министрі Алексей Улюкаевтың пікірі осыған саяды. «РИА новости»:«жақын арада елдің рейтингі төмендейді» деген министрдің пікірін жария етті. Бұған дейін, қаңтардың 9-нда, «Fitch» агенттігі Ресейдің ұзақ мерзімді несиелік рейтінгін төмендеткен-ді.

Әлемдік банк те аталған мемлекеттің «2015-ші жылы Ішкі жалпы өнім өсімі 4 есеге қысқарады»  деген болжам жасап отыр. Сарапшылар бұған негізгі себеп ретінде мұнай бағасының төмендеуін атауда.

«Times»  басылымы: «қара алтын құны тіпті барреліне 20 долларға дейін құлдырауы мүмкін»,-деді. Дегенмен, Алексей Улюкаев отандастарын, ештеңеге қарамастан, жан тыныштығын сақтауға шақырады.

Алексей Улякаев, РФ экономикалық даму министрі:

«Берекелі даму дәуірі келмеске кетті. Оның орнын құбылмалы, тұрақсыз, тоқырау және қақтығысқа толы кезең басты... Сондықтан қабылдайтын амалдарымыз мұнай бағасы 130 доллар (барреліне), тіпті 30 доллар болған күнде де салмақтылық танытуымыз тиіс. Ең бастысы жан тыныштығын сақтау керек. Денсаулықты бірінші орынға қою керек. Баррель, санкция - өтпелі дүние».

Азамат АЛДОҢҒАРОВ