Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуроодаққа мүше 28 мемлекеттің ішіндегі 7 ел Ресейге қатысты шектеулерді жоюға әзір

  • AstanaTV
  • 16 қаңтар 2015
  • 2355

Еуроодаққа мүше 28 мемлекеттің ішіндегі 7 ел Ресейге қатысты шектеулерді жоюға әзір. Бұл туралы Брюсселдегі дипломатиялық дереккөзеріне сілтеме жасап ТАСС агенттігі хабарлайды.

Ресейлік бизнеспен қарым-қатынасты шектеуден Австрия, Венгрия, Италия, Кипр, Словакия, Франция және Чехия бас тартып отырған көрінеді.

Алайда санкцияға қарсы мемлекеттердің нақты тізімі наурыз айында анықталатын болады. Бүгінде дипломаттар Ресей мен ЕуроОдақ арасындағы сауда-қаржылық қатынасты қайта жандандыру қажет деген пікірде.

Еске салсақ, 2014 жылдың наурызында АҚШ пен Еуроодаққа мүше елдер Мәскеуге қарсы экономикалық шектеулер енгізген. Санкциялар энергетикалық, қаржы және қорғаныс саласына қатысты болатын.

Ал Ресей тарапы жауап ретінде АҚШ, Еуроодақ мемлекеттері, Норвегия, Канада және Австралиядан ауыл шаруашылық тауарлары импортын шектеген-ді. Сондай-ақ, ресми Мәскеу Ресей аумағына бас сұға алмайтын еуропалықтардың қара тізімін шығарған.

Жұрағат БАМАН