Русский Сайттың толық нұсқасы

Арнайы экономикалық аймақтарда өндірілген өнімдер «Өнімді бөлу келісімшартын» жасасқан кәсіпорындарға салықсыз сатылады

  • AstanaTV
  • 16 қаңтар 2015
  • 1149

Арнайы экономикалық аймақтарда өндірілген өнімдер «Өнімді бөлу келісімшартын» жасасқан кәсіпорындарға салықсыз сатылады. «Арнайы экономикалық аймақтарды» дамыту туралы заңға енгілген өзгерістер осыны қарастырады.

Аталған құжат мәжілісте таныстырылған болатын. «Өнімді бөлу келісімшартына» сәйкес ірі мұнай компанияларының импортты жеткізуіне бір тиын салық салынбайды. Мәселен, «Теңізшевройл» Италия мен Франциядан жылына 70 млн. долларға құбыр сатып алмақ.

Valorek пен Tenaris компаниялары Ақтаудағы арнайы экономикалық аймақта өз кәсіпорындарын ашуды ұсынған. «Онда еліміздегі мұнай компаниялары ақтаулық өнімді сатып ала береді. Әрине, салықтан пайда түспегенмен, жұмыс орындары ашылады. Бір жағынан ТШО үшін, қазақстандық өніммен қамту талабы да орындалады,»-дейді салаға жауапты министрлік өкілі.

Ерлан Сағадиев, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:

ТШО-ға  Қазақстанның содержаниесі керек. Сондай мүмкіндік ашып жатырмыз оларға. Енді СЭЗ-да СРП-ға керек өнім шығарсаңыз, оны салықсыз СРП-ға сатуға болады.

Айта кетейік, қазір елімізде 10 Арнайы экономикалық аймақ құрылған. Онда жұмыс істейтін компаниялар салықтан босатылады. Бірақ 520 компания тіркелгенімен, тек 120 кәсіпорын ғана жұмыс істеп тұр. Депутаттар қыруар қаржы құйған арнайы аймақтар неліктен бос тұрғанын сұрады. Вице-министр инвестор тартудың оңай еместігіне тоқталды.

Ерлан Сағадиев, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:

Аджман первую Японскую компанию заводил 12 лет. Сам он приехал расказывал Премьеру что 12 лет он еездил в Японию прежде чем пришла первая компания. Теперь прошло 26 лет там 18 японских компании.

Мөлдір ДЮСЕКИНА