Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдады

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2015
  • 1364

Президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жүздесу барысында комитет басшысы Елбасына ведомствоның қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жұмысының негізгі міндеттері туралы баяндады. Сондай-ақ, кездесуде халықаралық терроризмге және экстремизмге қарсы тиімді іс-қимыл мәселелері талқыланды. Мемлекеттік шекараны нығайтуға бағытталған шараларға да ерекше көңіл бөлінді. Президент кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Жұрағат БАМАН