Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда туристік сала өкілдері «Туризм туралы» заңға енгізілген өзгерістерді талқылады

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2015
  • 1436

Бүгін Алматыда туризм саласында нәпәқа тауып жүргендер бас қосып, заңға енгізілген өзгерістерді талқылады. Туристік агенттіктер қауымдастығының мәлімдеуінше, бір Алматының өзінде екі жарым мыңға жуық фирма бар. Туризм саласындағы мамандардың айтуынша, заңға жетіден аса ірі өзгертулер енген. Жиналғандар бір ауыздан жаңа заңда турагенттіктер мен туроператорлардың аражігін ажыратып жазбағанын айтады. Сонымен қатар, құжатта «шағын операторлар» деген түсінік мүлде алынып тасталыпты. Бүгінге дейін осы санатқа жатқызылған туристік фирмалар енді кәсібін қалай жүргізерін білмей дал. Қазақстан туристік агенттіктері қауымдастығының президенті шағын туроператорлардың қызметі шектелгенін растап отыр.

Әсел Нүркебаева, Қазақстан туристік агенттіктері қауымдастығының президенті:

Олардың қызмет көрсету кеңістігі, нарықтағы орны азаюда. Шағын туроператорлар енді тек заңды тұлғалармен жұмыс істеуге міндетті. Туристік сала қызметшілерінің жігері таусылды. Сондықтан осы күні көптеген турфирмалар жабылып жатыр.

Берік ХАСЕНОВ