Ақтөбеде
жарылыстан зардап шеккен әйел ауруханада көз жұмды. Шахар іргесіндегі Мағаджан
орман шаруашылығы ауылындағы жеке тұрғын үйде бақытсыз жағдай орын алғанын
бұдан алдыңғы хабарымызда айтқан едік. Дәрігерлер марқұмның өмірі үшін бір апта
бойы күрескенімен, нәтиже болмады.
Денесінің 80 пайызын күйік шалып, жамбасы
мен аяғы сынған әйелдің беті бері қарамаған. Ақ халаттылар жедел ота
жасалғанымен көмегі болмады дейді. Жеке тұрғын үйлердің біріндегі газ жарылысы
қаңтардың 8 де орын алды. 6 адам жарақат алған болатын, оның бірі - кәмелетке
толмаған жеткіншек.
Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері:"оқыс оқиға тұрмыстық
газ баллоны жарылғандықтан орын алды",-дейді. Ауруханаға жеткізілген үй иелері
санитарлық авиациямен Астанаға жөнелтілді. Ал, көз жұмған азаматшаны орнынан
қозғау қауіпті болғандықтан жергілікті дәрігерлер ем-дом жасаған.
Рақымжан
Арыстанов, Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасының дәрігері:
Өкпесіне, сол жақ кеудесіне жел, ауа жиналғаннан
кейін, біз оны торакоскопический, ішіне кіріп, өкпенің жарақатын тіктік. Бірақ, жалпы алған жарақаты мен мына күйік жарақатының көлемі үлкен. 80 пайыз. Соған
байланысты күйік ауруы пайда болған, оған ожоговая болезнь дейді. Содан қайтыс болды.
Мансұр ЕСХОЖИН