Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуропалық одақ пен Ресей арасындағы қарым-қатынас кеңестің басты тақырыбына айналды

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2015
  • 1885

Еуропалық одақ пен Ресей арасындағы қарым-қатынас ЕуроОдақтың сыртқы істер мәселелері жөніндегі кеңесінің басты тақырыбына айналды. Бұл пікірталас наурыз айында өтуі тиіс саммит алдындағы дайындық іспетті. Онда Ресей мен Еуропалық одақ арасындағы мәселе пысықталады деп жоспарланған.

Сондай-ақ, Ресеймен сауда-саттықты реттеу және Украинадағы шиеленісті шешу жайы сөз болмақ. Еуропалық дипломатия басшысы жаңа қадамдарға баруға дайын екенін жеткізді. Оның ішінде визасыз режим енгізу де қаралады.

Могерини Ресейге Сирия, Ирак, Ливия, Палестинаға қатысты проблемаларды бірігіп талқылауға және Эбола вирусына қарсы күресті бірлесіп жүргізуге ұсыныс білдірді.

Бұған дейін, "The Wall Street Journal" Ресей Украианаға қатысты ұстанымын өзгертсе, Еуроодақ санкцияларды жеңілдетеді деп хабарлаған. Ресейді санкциялардан босатуды Австрия, Венгрия, Италия, Словакия, Франция мен Чехия қолдап отыр.

Мөлдір ДЮСЕКИНА