Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұнай бағасының құлдырауы Венесуэланың, Иранның және Ресейдің экономикасына кері әсерін тигізіп жатыр

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2015
  • 1225

Мұнай бағасының құлдырауы Венесуэланың, Иранның және Ресейдің экономикасына кері әсерін тигізіп жатыр. Washington Post осыны жазыпты. Мақала авторы сондай-ақ, сакциялардың осы мемлекеттерге келтірген және әлі де келтіретін залалдары жайында сараптамалық зерттеу жүргізген. Пайымынша, әсіресе, Ресей көп шығын көреді.

Десе де, мемлекет қорында миллиардтаған доллар қаражат бар, әрі ел президенті әлеуметтің айтарлықтай қолдауына ие болғандықтан, Ресей бұл тығырықтан шығуға қауқарлы деген ойда. Ал, Венесуэлада жағдай керісінше болып тұрғаны. Мемлекет қазынасында бар болғаны 20 миллиард доллар бар. Сонымен қоса, ел қарызға белшеден батса керек. Тек қана Қытайдың алдында  Венесуэланың 50 миллиард доллар берешегі бар екен.

Сарапшылар:«Николас Мадуро, президент орынтағынан таяды» ,- деп болжайды. Ал, ірі мұнай экспорттаушы ел Иран болса, қара алтын бағасының бір баррелі 49 долларға құлағанына қарамастан ядролық келісіммен басы әлек.

«Ресми Тегеран, АҚШ пен Еуропаның алдында бас иіп қолдау сұрауға мәжбүр болады, немесе қатаң үнем режиміне көшуі керек». Мақаласын осылай қорыта келе автор үш елдің де экономикасы 95 пайызға дейін мұнай экспортына тәуелді екенін жазады.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА