Русский Сайттың толық нұсқасы

Сайлауды әдістемелік және ақпараттық тұрғыдан қамтуға мән берілуде

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2016
  • 1957

Сайлаудың әдістемелік жағына жіті көңіл бөлініп отыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның сөзінше, бүгінде орталықтың тапсыруымен 8 ақпараттық плакат, 14 түрлі жадынама мен оқу құралдары, жинақтар дайындалып жатыр. Барлық әдістемелік материалдар  election.gov.kz ресми интернет ресурсында орналастырылады. Учаскелік сайлау комиссиялары үшін «Сайлау күні дауыс беру рәсімдері туралы» арнайы оқыту фильмдері әзірленуде. Және олар барлық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларына жіберіледі.

Естеріңізге сала кетсек, Мәжіліс пен мәслихат сайлауы наурыздың 20-на белгіленді. Парламенттің төменгі палатасына барлығы 107 депутат кіреді. Олардың 98-і партиялық тізім бойынша, ал тоғызы Қазақстан халқы Ассамблеясынан өтеді. Ал мәслихаттарға барлығы 3335 депутат сайланбақ. 

Татьяна Охлопкова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Әдістемелік материалдарды дайындау барысында біз сайлауға қатысатын барлық топты қамтуға тырысып жатырмыз. Олар - сайлаушылар, партиялар, кандидаттар, сенімді тұлғалар, әкімдіктер және сот, құқық қорғау органдары. Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларына, мәслихаттарға және олардың сенімді өкілдеріне арналған жадынамаларды да дайындап жатырмыз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ