Русский Сайттың толық нұсқасы

Республикалық «Қару» операциясы аясында жыл басынан бері елордалықтар 153 тіркелген тапанша тапсырды

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2015
  • 1328

Республикалық «Қару» операциясы аясында жыл басынан бері елордалықтар 153 тіркелген тапанша тапсырды. Бұл туралы Астана қаласының Ішкі істер департаменті хабарлайды. Бүгінде арнайы комиссия Ішкі істер органдарына өз еркімен қаруларын өткізген азаматтарға сыйақы төлеу мәселесін қарастырып жатыр.

Осы ретте құқық қорғаушылар арнайы рейд жүргізіп, қарулары тіркеуде тұрған бірнеше пәтерлерді аралады.Азаматтарға тапаншаларын уақытылы тапсыру керектігін ескертті.

Азаматтардың өз еркімен өткізген әр қаруына, оқ дәрілер мен жарылғыш заттарға 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгіленген. Ал Ішкі істер органдарында тіркелмей, заңсыз сақталған қару-жарақтарды еркімен тапсырған азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Айта кетейік, заңсыз қару-жарақты  ішкі істер органдарының кез келген аумақтық бөлімдеріне тапсыруға болады. Қалалық  Ішкі істер департаментінің дерегінше, Астанада жеке қолдағы төрт мыңға жуық қару тіркелген.  

Марат Тәжібаев, Астана қаласы ІІД аға инспекторы:  

Қаруы бар адамдардың бәрі бізде есепте тұр. Сол бойынша сіздер арқылы, учаскелік полицейлер арқылы бәріне былтыр ескертілген, сол арқылы өздері келіп тапсырып жатыр. Бәріне хабарлама беріп, шақыртып жатырмыз.

Жұрағат БАМАН