Русский Сайттың толық нұсқасы

Барак Обаманың рейтингі 2013 жылдың қазанынан бері үздіксіз өсіп, шарықтау шегіне жетті

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2015
  • 811

АҚШ президенті Барак Обаманың рейтингі 2013 жылдың қазанынан бері үздіксіз өсіп, шарықтау шегіне жетті. The Wall Street Journal осылай деп ақпарат таратуда. Обаманың жұмысына сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 46 пайызы қолдау көрсетті.

Басылымның хабарлауынша «мұндай көрсеткішке Кубамен арадағы мәселені реттеу, иммиграция мәселелерінің оң шешімі ықпал еткен». Гаванамен қарым-қатынастың қайта орнауына тұрғындардың 60 пайызы қолдау көрсетті.

Президенттің бұл қадамы оны бұған дейін қолдамаған азаматтар тарапынан да белсенділікті арттырды. Сондай-ақ, АҚШ жұртшылығының 49 пайызы экономикалық шешімдерге оң бағасын беріп отыр.

Сауалнама қаңтардың 14-і мен 17-сі аралығында өткізілді. Бұл ақпаратты PewResearch зерттеу орталығы растады.

Самат ҚАНАҒАТОВ